ОҚИҒАЛАР – «CЛУЧАИ» ДАНИИЛА ХАРМСА В ПЕРЕВОДЕ НА КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК
Перевести Хармса и выжить
Это может показаться странным, но все, кто так или иначе, в силу академической необходимости или просто под давлением собственного любопытства, сталкиваются с текстами Даниила Хармса, – как будто оказываются в одном клубе, переживая один общий стресс нового знания о мире и литературе. Несомненно, восприятие текстов носителями разных языков и менталитетов, может и должно разниться в зависимости от той атмосферы, которую передают переводные тексты. Тем не менее главное – исключительная способность показывать ошеломительное Целое, собранное из осколков Абсурдного, – всегда сохраняется, должно сохраняться, чтобы тексты Хармса оставались текстами Хармса. Итак, данной публикацией открываются для прочтения рассказы из цикла «Случаи» Д. Хармса, в первый раз переведенные на казахский язык. Удивительно, что при множестве языков, на которые произведения Хармса уже переведены и продолжают переводиться, казахскоязычному читателю они до настоящего момента были недоступны. Настоящие переводы и общая редакторская правка выполнялись небольшой рабочей группой, в которую входили Жүнүс Асия, Курмангалейкызы Жанар, Ким Светлана. Иллюстрации к переведенным рассказам выполнила талантливая молодая художница Қожаева Раушан. Авторы выражают благодарность за возможность открыть вселенную Даниила Хармса новой группе читателей и готовы к любому диалогу, ведь переводные тексты – развивающиеся и пластичные – всегда готовы к тому, чтобы становиться еще более живыми.
Хармсты аударып, аман қалу
Бұл біртүрлі болса да, академиялық қажеттілік немесе өзінің қызығушылығына байланысты Даниил Хармс мәтіндеріне тап болатын әркім, бір клуб мүшесі секілді әлем мен әдебиет туралы жаңа білімнің ортақ қысымын бастан кешеді. Әрине, аударылған мәтіндердің атмосферасына байланысты әртүрлі менталитеті бар және әртүрлі тілде сөйлейтін адамдардың мәтінді қабылдауы бірдей болмауы тиіс. Алайда, ең бастысы – Абсурд үзінділерінен тұратын керемет Тұтасты көрсетудің ерекше қабілеті – Хармс мәтіндері Хармс мәтіндері болып қалу үшін әрқашан да сақталуы қажет. Сонымен, қазақ тіліне бірінші рет аударылған Д. Хармстың «Оқиғалары» оқырмандарға жария етіледі. Таң қаларлық нәрсе, Хармс шығармалары көптеген тілдерге аударылса да, бүгінге дейін қазақ тілінде сөйлейтіндерге қолжетімді болмады. Осы аудармалар мен бүкіл редакторлық жұмыспен кішігірім топ айналысты, олар: Жүнүс Әсия, Курмангалейкызы Жанар, Ким Светлана. Аударылған әңгімелерге иллюстрациямен жас әрі дарынды суретші Қаталова Раушан айналысты. Авторлар Даниил Хармс ғаламын жаңа оқырмандар тобына ашу мүмкіндігі үшін алғыс білдіріп – әрқашан да ашық диалогқа дайын екенін білдіреді, себебі аударылған мәтіндер – дамып өзгере алады, әрқашан да одан сайын тіріуге дайын.
СЛУЧАИ
посвящаю Марине Владимировне Малич
ОҚИҒАЛАР
Малич Марина Владимировнаға арнаймын
Голубая тетрадь №10
Жил один рыжий человек, у которого не было глаз и ушей. У него не было и волос, так что рыжим его называли условно.
Говорить он не мог, так как у него не было рта. Носа тоже у него не было.
У него не было даже рук и ног. И живота у него не было, и спины у него не было, и хребта у него не было, и никаких внутренностей у него не было. Ничего не было!
Так что непонятно, о ком идёт речь.
Уж лучше мы о нём не будем больше говорить.
<6 января 1937>
№10 көк дәптер
Ертеде көзі мен құлағы жоқ қызылкүрең шашты адам өмір сүріпті. Оның шашы да жоқ болатын, сондықтан оны шартты түрде қызылкүрең деп атады.
Аузы болмағандықтан сөйлей алмады. Оның да мұрны жоқ еді.
Оның қолы да, аяғы да жоқ еді. Ал оның қарны да, арқасы да, омыртқасы да, іші де жоқ еді. Ештеңе болмады!
Сондықтан кім туралы айтып жатқанымыз түсініксіз.
Енді ол туралы айтпағанымыз дұрыс.
<6 қаңтар 1937 жыл>
Случаи
Однажды Орлов объелся толчёным горохом и умер. А Крылов, узнав об этом, тоже умер. А Спиридонов умер сам собой. А жена Спиридонова упала с буфета и тоже умерла. А дети Спиридонова утонули в пруду. А бабушка Спиридонова спилась и пошла по дорогам. А Михайлов перестал причёсываться и заболел паршой. А Круглов нарисовал даму с кнутом и сошёл с ума. А Перехрёстов получил телеграфом четыреста рублей и так заважничал, что его вытолкали со службы.
Хорошие люди и не умеют поставить себя на твёрдую ногу.
<22 августа 1936>
Оқиғалар
Бір күні Орлов ұсақталған бұршақты артық жеп, қайтыс болды. Ал Крылов та бұл туралы біліп, қайтыс болды. Ал Спиридонов өздігінен қайтыс болды. Ал Спиридоновтың әйелі буфеттен құлап, қайтыс болды. Ал Спиридоновтың балалары тоғанға барып батып кеткен. Ал Спиридоновтың әжесі өзі ішіп-тозып, бұрыс жолмен кетті. Ал Михайлов шашын тарауды қойып, қотырмен ауырып қалды. Ал Круглов қамшымен бір келіншектің суретін салып, есінен адасып қалды. Ал Перехрестов телеграф арқылы төрт жүз сом алып, мақтанғаны сонша, қызметтен қуылды.
Жақсы адамдар сияқты, бірақ өздерін қалай жібі түзу жолға қоюды білмейді.
<22 тамыз 1936 жыл>
Вываливающиеся старухи
Одна старуха от чрезмерного любопытства вывалилась из окна, упала и разбилась.
Из окна высунулась другая старуха и стала смотреть вниз на разбившуюся, но от чрезмерного любопытства тоже вывалилась из окна, упала и разбилась.
Потом из окна вывалилась третья старуха, потом четвертая, потом пятая.
Когда вывалилась шестая старуха, мне надоело смотреть на них, и я пошёл на Мальцевский рынок, где, говорят, одному слепому подарили вязаную шаль.
< 1936-1937>
Құлайтын кемпірлер
Бір кемпір аса үлкен қызығушылықтан терезеден сүрініп, құлап, мерт болды.
Тағы бір кемпір терезеден еңкейіп, құлаған кемпірге қарай бастады, бірақ тым қызығушылықтан ол да терезеден құлап, мерт болды.
Сосын терезеден үшінші кемпір құлап түсіп, сосын төртінші, сосын бесінші құлады.
Алтыншы кемпір құлап қалғанда, оларға қараудан шаршаған мен соқыр адамға тоқылған орамал берілді деген Мальцевский базарына бардым.
<1936-1937 жыл>
Сонет
Удивительный случай случился со мной: я вдруг забыл, что идёт раньше – 7 или 8.
Я отправился к соседям и спросил их, что они думают по этому поводу.
Каково же было их и моё удивление, когда они вдруг обнаружили, что тоже не могут вспомнить порядок счёта. 1, 2, 3, 4, 5 и 6 помнят, а дальше забыли.
Мы все пошли в коммерческий магазин «Гастроном», что на углу Знаменской и Бассейной улицы, и спросили кассиршу о нашем недоумении. Кассирша грустно улыбнулась, вынула изо рта маленький молоточек и, слегка подвигав носом, сказала: «По-моему, семь идёт после восьми в том случае, когда восемь идёт после семи».
Мы поблагодарили кассиршу и с радостью выбежали из магазина. Но тут, вдумываясь в слова кассирши, мы опять приуныли, так как её слова показались нам лишёнными всякого смысла.
Что нам было делать? Мы пошли в Летний сад и стали там считать деревья. Но дойдя в счёте до 6-ти, мы остановились и начали спорить: по мнению одних дальше следовало 7, по мнению других – 8.
Мы спорили бы очень долго, но, по счастию, тут со скамейки свалился какой-то ребёнок и сломал себе обе челюсти. Это отвлекло нас от нашего спора.
А потом мы разошлись по домам.
<12 ноября 1935>
Сонет
Менімен таңғажайып оқиға болды: мен мен кенеттен қай сан бірінші келетінін ұмытып қалдым, 7 немесе 8?
Мен көршілерге барып, бұл туралы не ойлайтындарын сұрадым.
Олар кенеттен есеп тәртібін есіне түсіре алмайтынын білгенде, мен де, олар да таң қалдырды. 1, 2, 3, 4, 5 және 6 есте қалады, содан кейін ұмытылады.
Барлығымыз Знаменская мен Бассейная көшелерінің қиылысындағы «Гастроном» сауда дүкеніне барып, кассирден абдырап қалғанымызды сұрадық. Кассир мұңайып күлді де, аузынан кішкентай балғасын алып, мұрнын сәл қозғап: «Менің ойымша, жетіден кейін сегіз келсе, жеті сегізден кейін келеді».
Кассирге алғысымызды айтып, дүкеннен қуана жүгіріп шықтық. Бірақ бұл жерде кассирдің сөздеріне ой жүгірте отырып, біз тағы да қайғырдық, өйткені оның сөздері бізге ешқандай мағынасыз болып көрінді.
Біз не істеуіміз керек еді? Жазғы баққа барып, ондағы ағаштарды санай бастадық. Бірақ есеп бойынша 6-ға жеткенде тоқтап, дауластық: біреудің айтуы бойынша 7, біреудің айтуы бойынша 8-і соңынан ерді.
Біз ұзақ уақыт бойы дауласа алдық та, бақытымызға орай, бір бала орындықтан құлап, екі жақ сүйегін сындырып алды. Бұл бізді дауымыздан алшақтатты.
Сосын үйге қайттық.
<12 қараша 1935 жыл>
Петров и Камаров
Петров:
Эй, Камаров!
Давай ловить комаров!
Камаров:
Нет, я к этому ещё не готов.
Давай лучше ловить котов!
<19…год>
Петров және Масаев
Петров:
Әй, Масаев!
Масаларды ұстайық!
Масаев:
Жоқ, дайын емеспін деп ойлаймын;
Маса емес, мысықтарды ұстайық!
<19…жыл>
Оптический обман
Семен Семёнович, надев очки, смотрит на сосну и видит: на сосне сидит мужик и показывает ему кулак.
Семен Семёнович, сняв очки, смотрит на сосну и видит, что на сосне никто не сидит.
Семен Семёнович, надев очки, смотрит на сосну и опять видит, что на сосне сидит мужик и показывает ему кулак.
Семен Семёнович, сняв очки, опять видит, что на сосне никто не сидит.
Семен Семёнович, опять надев очки, смотрит на сосну и опять видит, что на сосне сидит мужик и показывает ему кулак.
Семен Семёнович не желает верить в это явление и считает это явление оптическим обманом.
<1934>
Оптикалық елес
Семён Семёнович көзілдірік киіп, қарағайға қарап, қарағайдың үстінде бір ер адам отыр және оған жұдырығын көрсетіп тұр екенін көреді.
Семён Семёнович көзілдірігін шешіп, қарағайға қарап, қарағайда ешкім отырмағанын көреді.
Семён Семёнович көзілдірік киіп, қарағайға қарап, қарағайдың үстінде бір ер адамның отырғанын көріп, жұдырығын көрсетіп тұр екенін көреді.
Семён Семёнович көзілдірігін шешіп, қарағайдың басында тағы да ешкім отырмағанын көреді.
Семён Семёнович тағы да көзілдірігін тағып, қарағайға қараса, қарағайдың үстінде бір ер адам отыр, оған жұдырығын көрсетіп жатыр екен.
Семён Семёнович бұл құбылысқа сенгісі келмейді және бұл құбылысты оптикалық елес деп санайды.
<1934 жыл>
Пушкин и Гоголь
Гоголь (падает из-за кулис на сцену и смирно лежит).
Пушкин (выходит, спотыкается об Гоголя и падает):Вот чёрт! Никак об Гоголя!
Гоголь (поднимаясь): Мерзопакость какая! Отдохнуть не дадут! (Идёт, спотыкается об Пушкина и падает) – Никак, об Пушкина спотыкнулся!
Пушкин (поднимаясь): Ни минуты покоя! (Идёт, спотыкается об Гоголя и падает) – Вот чёрт! Никак опять об Гоголя!
Гоголь (поднимаясь): Вечно во всем помеха! (Идёт, спотыкается об Пушкина и падает) – Вот мерзопакость! Опять об Пушкина!
Пушкин (поднимаясь): Хулиганство! Сплошное хулиганство! (Идёт, спотыкается об Гоголя и падает) – Вот чёрт! Опять об Гоголя!
Гоголь (поднимаясь): Это издевательство сплошное! (Идёт, спотыкается об Пушкина и падает) – Опять об Пушкина!
Пушкин (поднимаясь): Вот чёрт! Истинно что чёрт! (Идёт, спотыкается об Гоголя и падает) – Об Гоголя!
Гоголь (поднимаясь): Мерзопакость! (Идёт, спотыкается об Пушкина и падает) – Об Пушкина!
Пушкин (поднимаясь): Вот чёрт! (Идёт, спотыкается об Гоголя и падает за кулисы) – Об Гоголя!
Гоголь (поднимаясь): Мерзопакость! (Уходит за кулисы).
За сценой слышен голос Гоголя: «Об Пушкина!»
Занавес
<1934>
Пушкин және Гоголь
Гоголь (сахна сыртынан сахнаға құлап, тыныш жатыр).
Пушкин (шығып келе жатып Гогольге сүрініп, құлап кетеді): Шайтан Алғыр! Гоголь жатқан шығар, сірә!
Гоголь (көтеріліп): Неткен сұмдық! Бір демалуға мүмкіндік жоқ! (Жүріп келе жатып, Пушкинге сүрініп, құлап түседі) – Мен Пушкинге сүрінген шығармын, сірә!
Пушкин (көтеріліп): Тыныштық сәті жоқ! (Жүріп келе жатып, Гогольге сүрініп, құлап түседі) – Шайтан Алғыр! Қайтадан Гогольге сүріндім шығар!
Гоголь (көтеріліп): Әрқашан барлық нәрсеге кедергі! (Жүріп келе жатып, Пушкинге сүрініп, құлап түседі) – Сұмдық! Тағы да Пушкин, сірә!
Пушкин (көтеріліп): Бұзақылық! Таза бұзақылық!(Жүріп келе жатып, Гогольге сүрініп, құлап түседі)– Шайтан Алғыр! Тағы да Гоголь, сірә!
Гоголь (көтеріліп): Бұл не деген қорлық! (Жүріп келе жатып, Пушкинге сүрініп, құлап түседі)– Тағы да Пушкин!
Пушкин (көтеріліп): Шайтан Алғыр! Шынында да, шайтан алғыр! (Жүріп келе жатып, Гогольге сүрініп, құлап түседі) – Гогольге!
Гоголь (көтеріліп): Сұмдық! (Жүріп келе жатып, Пушкинге сүрініп, құлап түседі) – Пушкинге!
Пушкин (көтеріліп): Шайтан Алғыр! (Жүріп келе жатып, Гогольге сүрініп, сахнаның артына құлап түседі) – Гогольге!
Гоголь (көтеріліп): Сұмдық! (Сахна артына шығады)
Сахна артында «Пушкинге!» деген Гогольдің дауысы естіледі.
Шымылдық
<1934 жыл>
Столяр Кушаков
Жил-был столяр. Звали его Кушаков.
Однажды вышел он из дому и пошёл в лавочку купить столярного клея.
Была оттепель, и на улице было очень скользко. Столяр прошёл несколько шагов, поскользнулся, упал и расшиб себе лоб.
– Эх! – сказал столяр, встал, пошел в аптеку, купил пластырь и заклеил себе лоб.
Но когда он вышел на улицу и сделал несколько шагов, он опять поскользнулся, упал и расшиб себе нос.
– Фу! – сказал столяр, пошел в аптеку, купил пластырь и заклеил пластырем себе нос.
Потом он опять вышел на улицу, опять поскользнулся, упал и расшиб себе щеку.
Пришлось опять пойти в аптеку и заклеить пластырем щеку.
– Вот что, – сказал столяру аптекарь. – Вы так часто падаете и расшибаетесь, что я советую вам купить пластырей несколько штук.
– Нет, – сказал столяр, – больше не упаду!
Но когда он вышел на улицу, то опять поскользнулся, упал и расшиб себе подбородок.
– Паршивая гололедица! – закричал столяр и опять побежал в аптеку.
– Ну вот видите, – сказал аптекарь, – Вот вы опять упали.
– Нет! – закричал столяр. – Ничего слышать не хочу! Давайте скорее пластырь!
Аптекарь дал пластырь; столяр заклеил себе подбородок и побежал домой.
А дома его не узнали и не пустили в квартиру.
– Я столяр Кушаков! – закричал столяр.
– Рассказывай! – отвечали из квартиры и заперли дверь на крюк и на цепочку.
Столяр Кушаков постоял на лестнице, плюнул и пошёл на улицу.
<1935>
Ұста Кушаков
Ертеде ағаш ұстасы тұратын. Оның аты Кушаков болатын.
Бір күні ол үйден шығып, ағаш желім алу үшін дүкенге барды.
Жылу болды, сыртта өте тайғақ болды.
Ұста бірнеше қадам басып, тайып, құлап, маңдайын жарақаттады.
– Ойбай! – деп, ұста орнынан тұрып, дәріханаға барып, жапсырманы сатып алды да, маңдайына жабыстырды.
Бірақ сыртқа шығып, бірнеше қадам басқанда ол тағы да тайып, құлап, мұрнын ауыртып алды.
– Туф! – деді ұста, дәріханаға барып, жапсырма сатып алып, мұрнын жапсырмамен жапты.
Содан кейін ол қайтадан көшеге шықты да, қайтадан тайып кетті, құлап, бетін жарақаттады.
Дәріханаға қайта барып, бетіне жапсырманы салуға тура келді.
– Былай, қысқасы, – деді дәріханашы ұстаға. – Сіз жиі құлап, өзіңізді ауыртып алып жүрсіз, мен сізге бірнеше жапсырма сатып алуға кеңес беремін.
– Жоқ, – деді ұста, – мен енді құламаймын!
Бірақ көшеге шыққанда қайтадан тайып, құлап, иегін ауыртқан.
– Масқара көктайғақ! – деп айқайлады ұста және тағы да дәріханаға жүгірді.
– Көрдіңіз бе, – деді дәріханашы, – Міне, тағы да құлап қалдыңыз.
– Жоқ! – деп айқайлады ұста. – Мен ештеңе естігім келмейді! Жапсырма алайық!
Дәріханашы жапсырманы берді; ұста иегін байлап, үйіне қарай жүгірді.
Бірақ үйінде оны танымай, пәтерге кіргізбеді.
– Мен ұста Кушаковпын! – деп айқайлады ұста.
– Бос сөз айтпа! – деп пәтерден жауап беріп, есіктің ілмегін шынжырмен бекітті.
Ұста Кушаков баспалдақта тұрып, тұрып бір түкірді де, көшеге шықты.
<1935 жыл>
Сундук
Человек с тонкой шеей забрался в сундук, закрыл за собой крышку и начал задыхаться.
– Вот, – говорил, задыхаясь, человек с тонкой шеей, – я задыхаюсь в сундуке, потому что у меня тонкая шея. Крышка сундука закрыта и не пускает ко мне воздуха. Я буду задыхаться, но крышку сундука все равно не открою. Постепенно я буду умирать. Я увижу борьбу жизни и смерти. Бой произойдет неестественный, при равных шансах, потому что естественно побеждает смерть, а жизнь, обреченная на смерть, только тщетно борется с врагом, до последней минуты не теряя напрасной надежды. В этой же борьбе, которая произойдет сейчас, жизнь будет знать способ своей победы: для этого жизни надо заставить мои руки открыть крышку сундука. Посмотрим: кто кого? Только вот ужасно пахнет нафталином. Если победит жизнь, я буду вещи в сундуке пересыпать махоркой… Вот началось: я больше не могу дышать. Я погиб, это ясно! Мне уже нет спасения! И ничего возвышенного нет в моей голове. Я задыхаюсь!..
Ой! Что же это такое? Сейчас что-то произошло, но я не могу понять, что именно. Я что-то видел или что-то слышал…
Ой! Опять что-то произошло? Боже мой! Мне нечем дышать. Я, кажется, умираю…
А это еще что такое? Почему я пою? Кажется, у меня болит шея… Но где же сундук? Почему я вижу всё, что находится у меня в комнате? Да никак я лежу на полу! А где же сундук?
Человек с тонкой шеей поднялся с пола и посмотрел кругом. Сундука нигде не было. На стульях и кровати лежали вещи, вынутые из сундука, а сундука нигде не было.
Человек с тонкой шеей сказал:
– Значит, жизнь победила смерть неизвестным для меня способом.
<30 января 1937>
Сандық
Жіңішке мойынды адам сандық ішіне кіріп, қақпағын жауып, тұншыға бастады.
– Міне, – деді жіңішке мойынды адам тұншығып, – сандықта тұншығып жатырмын, өйткені мойным арық. Сандық қақпағы жабық, ауа өткізбейді. Тұншығып қаламын, сонда да сандық қақпағын ашпаймын. Бірте-бірте өлемін. Өмір мен өлімнің тартысын көремін. Тартыс әр жолғыдай емес, мүмкіндіктері тең, өйткені өлім міндетті түрде жеңеді, ал өлімге кесілген өмір соңғы минутқа дейін бос үмітті жоғалтпай, тек жаумен бекерден бекер күреседі. Дәл қазір болатын тартыста өмір өз жеңісінің жолын біледі: сандық қақпағын ашуға қолымды күштеп жай салу керек. Кім кімді жеңетінін көрейік. Тек нафталин иісі жаман аңқып тұр. Егер өмір жеңсе, мен сандықтағы нәрселерді темекімен себемін … Міне, басталды: мен енді дем ала алмаймын. Мен өлдім, бұл анық! Менде құтылу жоқ! Ал менің басымда рухани ештеңе жоқ. Тұншығып жатырмын!..
О! Бұл не? Енді бірдеңе болды, бірақ мен оның не екенін түсіне алмаймын. Мен бір нәрсені көрдім немесе естідім …
О! Тағы бірдеңе болды ма? Құдайым! Менің тыныс алатын ештеңем жоқ. Мен өліп бара жатқан сияқтымын…
Бұл тағы не? Мен неге ән айтамын? Менің мойным ауырады деп ойлаймын… Бірақ сандық қайда? Неліктен мен бөлмемдегі барлық нәрсені көре аламын? Еденде жатқан сияқтымын! Сандық қайда?
Жіңішке мойынды адам еденнен тұрып, жан-жағына қарады. Сандық еш жерден табылмады. Орындықтар мен кереуеттерде сандықтан алынған заттар болды, бірақ сандық еш жерден табылмады.
Жіңішке мойынды кісі сондай деді:
Сонымен өмір өліммен тартысы… маған белгісіз жолмен жеңер.
<30 қаңтар 1937 жыл>
Случай с Петраковым
Вот однажды Петраков хотел спать лечь, да лёг мимо кровати. Так он об пол ударился, что лежит на полу и встать не может.
Вот Петраков собрал последние силы и встал на четвереньки. А силы его покинули, и он опять упал на живот и лежит.
Лежал Петраков на полу часов пять. Сначала просто так лежал, а потом заснул.
Сон подкрепил силы Петракова. Он проснулся совершенно здоровым, встал, прошёлся по комнате и лёг осторожно на кровать. «Ну, – думает, – теперь посплю». А спать-то уже и не хочется. Ворочается Петраков с боку на бок и никак заснуть не может.
Вот, собственно, и всё.
<21 августа 1936>
Петраковпен болған оқиға
Бірде Петраков төсекке жатып ұйықтағысы келді де, бірақ төсек жанында жатты. Ол еденге соғылып, орнынан тұра алмай еденде жатты.
Мұнда Петраков соңғы күшін жинап, төрт тағандап тұрды. Ал оның күш-қуаты тарқап, ол қайтадан алдына құлап, жатып қалды.
Петраков еденде бес сағат жатты. Әуелі сол жерде жатты да, кейін ұйықтап қалды.
Ұйқы Петраковтың күш-қуатын жинауға мүмкіндік берді. Ол әбден сау оянды, орнынан тұрып, бөлмені аралап, төсекке абайлап жатты. «Ал, – деп ойлайды ол, – енді ұйықтаймын». Ал енді ұйқы келмейді. Петраков бір жақтан екінші жаққа аунап, ұйықтай алмайды.
Бары осы.
<21 тамыз 1936 жыл>
История дерущихся
Алексей Алексеевич подмял под себя Андрея Карловича и, набив ему морду, отпустил его.
Андрей Карлович, бледный от бешенства, кинулся на Алексея Алексеевича и ударил его по зубам.
Алексей Алексеевич, не ожидая такого быстрого нападения, повалился на пол, а Андрей Карлович сел на него верхом, вынул у себя изо рта вставную челюсть и так обработал ею Алексея Алексеевича, что Алексей Алексеевич поднялся с полу с совершенно искалеченным лицом и рваной ноздрёй. Держась руками за лицо, Алексей Алексеевич убежал.
А Андрей <Карлович> протер свою вставную челюсть, вставил её себе в рот и, убедившись, что челюсть пришлась на место, осмотрелся вокруг и, не видя Алексея Алексеевича, пошёл его разыскивать.
<15 марта 1936>
Адамдардың төбелесуі туралы әңгіме
Алексей Алексеевич Андрей Карловичті астына алып, бетінен ұрып жіберді.
Ашуынан бозарған Андрей Карлович Алексей Алексеевичке жүгіріп барып, оның тісіне ұрды.
Алексей Алексеевич мұндай жылдам шабуылды күтпегендіктен, еденге құлап кетті, ал Андрей Карлович оның үстіне отырды, өз аузынан жасанды тістерін жұлып алды және Алексей Алексеевичті онымен ұрып тастады, осылайша Алексей Алексеевич еденнен толықтай жарақат тұрып кетті. Оның бет-әлпеті кесіліп, танау жыртылып кеткен. Алексей Алексеевич қолын бетіне ұстаған күйі қашып кетті.
Ал Андрей <Карлович> оның жасанды иегін уқалап, аузына салып, тісін қағып, жақтың орнына түскеніне көз жеткізіп, жан-жағына қарады да, Алексей Алексеевичті көрмей, оны іздеуге кетті.
<15 наурыз 1936 жыл>
Сон
Калугин заснул и увидел сон, будто он сидит в кустах, а мимо кустов проходит милиционер.
Калугин проснулся, почесал рот и опять заснул, и опять увидел сон, будто он идёт мимо кустов, а в кустах притаился и сидит милиционер.
Калугин проснулся, подложил под голову газету, чтобы не мочить слюнями подушку, и опять заснул, и опять увидел сон, будто он сидит в кустах, а мимо кустов проходит милиционер.
Калугин проснулся, переменил газету, лёг и заснул опять. Заснул и опять увидел сон, будто он идёт мимо кустов, а в кустах сидит милиционер.
Тут Калугин проснулся и решил больше не спать, но моментально заснул и увидел сон, будто он сидит за милиционером, а мимо проходят кусты.
Калугин закричал и заметался в кровати, но проснуться уже не мог.
Калугин спал четыре дня и четыре ночи подряд и на пятый день проснулся таким тощим, что сапоги пришлось подвязывать к ногам верёвочкой, чтобы они не сваливались. В булочной, где Калугин всегда покупал пшеничный хлеб, его не узнали и подсунули ему полуржаной. А санитарная комиссия, ходя по квартирам и увидя Калугина, нашла его антисанитарным и никуда не годным и приказала жакту выкинуть Калугина вместе с сором.
Калугина сложили пополам и выкинули его как сор.
<22 августа 1936>
Түс
Калугин ұйықтап қалып, түсінде бұталардың арасында отырғанын, ал бұталардың жанынан милиция қызметкерінің өтіп бара жатқанын көрді.
Калугин оянып, аузын тырнап, қайтадан ұйықтап қалды, тағы да түсінде ол бұталардың жанынан өтіп бара жатқанын, ал полиция қызметкері тығылып, бұталардың арасында отырғанын көрді.
Калугин оянып, жастығын сілекеймен суламас үшін басының астына газет қойды да, қайтадан ұйықтап кетті, тағы да түсінде өзін бұталардың арасында отырғанын көрді, ал бұталардың жанынан полиция қызметкері өткенін көрді.
Калугин оянып, газетті ауыстырып, жатып, қайтадан ұйықтап қалды да, түсте өзін бұталардың жанынан өтіп бара жатқанын, бұталардың арасында полиция қызметкері отырғанын көрді.
Калугин оянып, енді ұйықтамауды шешті, бірақ бірден ұйықтап кетті және түсінде ол полиция қызметкерінің артында отырғанын, ал жанында бұталар өтіп жатқанын көрді.
Калугин айқайлап, төсекте лақтырып кетті, бірақ енді ояна алмады.
Калугин төрт күн, төрт түн қатарынан ұйықтап, бесінші күні оянып кеткенде, етігін құлап қалмау үшін аяғына жіппен байлау керек болғаны сонша артық болды. Калугин үнемі бидай нанын сатып алатын наубайханада оны танымай, оған жасырын түрде жартылай қара нанды беріп жіберді. Ал санитарлық комиссия үй-үйді аралап, Калугинді көріп, оны антисанитариялық және түкке тұрғысыз деп тауып, ЖАКТқа Калугинді қоқыспен бірге лақтыруды бұйырды.
Калугинді екіге бүктеп, қоқыстай лақтырды.
<22 тамыз 1936 жыл>
Математик и Андрей Семенович
Математик
(вынимая из головы шар):
Я вынул из головы шар.
Я вынул из головы шар.
Я вынул из головы шар.
Я вынул из головы шар.
Андрей Семенович:
Положь его обратно.
Положь его обратно.
Положь его обратно.
Положь его обратно.
Математик:
Нет, не положу!
Нет, не положу!
Нет, не положу!
Нет, не положу!
Андрей Семен<ович>:
Ну и не клади.
Ну и не клади.
Ну и не клади.
Математик:
Вот и не положу!
Вот и не положу!
Вот и не положу!
Андрей Семен<ович>:
Ну и ладно.
Ну и ладно.
Ну и ладно.
Математик:
Вот я и победил!
Вот я и победил!
Вот я и победил!
Андрей Семен<ович>:
Ну победил и успокойся!
Математик:
Нет, не успокоюсь!
Нет, не успокоюсь!
Нет, не успокоюсь!
Андр<ей> Семен<ович>:
Хоть ты математик, а честное слово, ты не умён.
Математик:
Нет, умён и знаю очень много!
Нет, умён и знаю очень много!
Нет, умён и знаю очень много!
Андр<ей> Семен<ович>:
Много, да только всё ерунду.
Математик:
Нет, не ерунду!
Нет, не ерунду!
Нет, не ерунду!
Андр<ей> Семен<ович>:
Надоело мне с тобой препираться.
Математик:
Нет, не надоело!
Нет, не надоело!
Нет, не надоело!
(Андрей Семёнович досадливо машет рукой и уходит. Математик, постояв минуту, уходит вслед за Андреем Семёновичем)
Занавес
<11 апреля 1933>
Математик және Андрей Семенович
Математик
(шарды басынан алып):
Басымнан шарды шығарып алдым.
Басымнан шарды шығарып алдым.
Басымнан шарды шығарып алдым.
Басымнан шарды шығарып алдым.
Андрей Семенович:
Ендi оны қайта сал.
Ендi оны қайта сал.
Ендi оны қайта сал.
Ендi оны қайта сал.
Математик:
Жоқ, салмаймын!
Жоқ, салмаймын!
Жоқ, салмаймын!
Жоқ, салмаймын!
Андрей Семен<ович>:
Жарайды, онда салма
Жарайды, онда салма
Жарайды, онда салма
Математик:
Міне, салмаймын!
Міне, салмаймын!
Міне, салмаймын!
Андрей Семен<ович>:
Ал, жарайды
Ал, жарайды
Ал, жарайды
Математик:
Сонымен жеңдім!
Сонымен жеңдім!
Сонымен жеңдім!
Андр<ей> Семен<ович>:
Ал, жеңіп, тыныштал
Математик:
Жоқ, тынышталмаймын!
Жоқ, тынышталмаймын!
Жоқ, тынышталмаймын!
Андр<ей> Семен<ович>:
Математик болғанымен, шынымды айтсам, сен ақылды емессің.
Математик:
Жоқ, мен ақылдымын, көп нәрсе білемін!
Жоқ, мен ақылдымын, көп нәрсе білемін!
Жоқ, мен ақылдымын, көп нәрсе білемін!
Андр<ей> Семен<ович>:
Көп білсең де, бәрі бос сөз.
Математик:
Жоқ, бос сөз емес!
Жоқ, бос сөз емес!
Жоқ, бос сөз емес!
Андр<ей> Семен<ович>:
Мен сенімен дауласудан шаршадым.
Математик:
Шаршаған жоқсың!
Шаршаған жоқсың!
Шаршаған жоқсың!
(Андрей Семёнович ызалана қолын бір сілтеп, кетіп қалады. Математик бір минут тұрған соң Андрей Семеновичтің соңынан кетеді).
Шымылдық
<11 сәуір 1933 жыл>
Молодой человек, удививший сторожа
– Ишь ты, – сказал сторож, рассматривая муху. – Ведь если её помазать столярным клеем, то ей, пожалуй, и конец придет. Вот ведь история! От простого клея!
– Эй ты, леший! – окликнул сторожа молодой человек в жёлтых перчатках.
Сторож сразу же понял, что это обращаются к нему, но продолжал смотреть на муху.
– Не тебе, что ли, говорят? – крикнул опять молодой человек. – Скотина!
Сторож раздавил муху пальцем и, не поворачивая головы к молодому человеку, сказал:
– А ты чего, срамник, орёшь-то? Я и так слышу. Нечего орать-то!
Молодой человек почистил перчатками свои брюки и деликатным голосом спросил:
– Скажите, дедушка, как тут пройти на небо?
Сторож посмотрел на молодого человека, прищурил один глаз, потом прищурил другой, потом почесал себе бородку, ещё раз посмотрел на молодого человека и сказал:
– Ну, нечего тут задерживаться, проходите мимо.
– Извините, – сказал молодой человек, – ведь я по срочному делу. Там для меня уже и комната приготовлена.
– Ладно,– сказал сторож, – покажи билет.
– Билет не у меня; они говорили, что меня и так пропустят, – сказал молодой человек, заглядывая в лицо сторожу.
– Ишь ты! – сказал сторож.
– Так как же?– спросил молодой человек. – Пропустите?
– Ладно, ладно, – сказал сторож. – Идите.
– А как пройти-то? Куда? – спросил молодой человек. – Ведь я и дороги-то не знаю.
– Вам куда нужно? – спросил сторож, делая строгое лицо.
Молодой человек прикрыл рот ладонью и очень тихо сказал:
– На небо!
Сторож наклонился вперед, подвинул правую ногу, чтобы встать потверже, пристально посмотрел на молодого человека и сурово спросил:
– Ты чего? Ваньку валяешь?
Молодой человек улыбнулся, поднял руку в жёлтой перчатке, помахал ею над головой и вдруг исчез.
Сторож понюхал воздух. В воздухе пахло жжёными перьями.
– Ишь ты! – сказал сторож, распахнул куртку, почесал себе живот, плюнул в то место, где стоял молодой человек, и медленно пошел в свою сторожку.
<19…год>
Күзетшіні таң қалдырған жас жігіт
– Мәссаған, қарай көр, – деді күзетші шыбынға қарап. – Ағаш желімімен майласаң, өліп кететін шығар. Қандай оқиға! Қарапайым желімнен!
– Эй сен, кәрі құбыжық! – деп сары қолғап киген жігіт күзетшіні шақырды.
Күзетші өзімен сөйлесіп жатқанын бірден түсінді, бірақ шыбынға қарауын жалғастырды.
– Саған айтпаймын ба, не? – деп тағы айқайлап жас жігіт күзетшіні шақырады – Мал!
Күзетші шыбынды саусағымен жаншып, жігітке басын бұрмастай солай айтты:
– Ал сен, ұятсыз, бірдеңе деп айқайлап тұрсың ба? Мен оны осылай естимін. Айқайлайтын ештеңе жоқ!
Жас жігіт шалбарынан қолғаппен шаңды сілкіп тастап, нәзік үнімен сұрады:
– Ата, айтыңызшы, мен бұл жерден жәннатқа қалай кіремін?
Күзетші жігітке қарап, бір көзін сығырайтып, сосын екінші көзін сығырайтып, сақалын тырнап, жігітке қайта қарап:
– Жарайды, бұл жерде кідіретін ештеңе жоқ, өтіп кет, – деді.
– Кешіріңіз, – деді жас жігіт, – мен ол жерге шұғыл мәселе бойынша барамын. Маған бөлме дайындалып қойған.
– Жарайды, – деді күзетші, – билетті көрсетші.
– Менде билет жоқ, олар мені осылай, билетсіз кіргіземіз деп уәде берді, – деді жас жігіт күзетшінің бетіне қарап.
– Мәссаған! – деді күзетші.
– Енді қалай? – деп сұрады жас жігіт. – Кіргізесіз бе?
– Жарайды, жарайды, – деді күзетші. – Бара бер.
– Қалай өтуге болады? Қайда барайын? – деп сұрады жас жігіт. – Себебі мен жолды білмеймін.
– Қайда бару керек? – деп сұрады қатал кейіпті күзетші.
Жас жігіт аузын қолымен жауып, өте үнсіз:
– Жәннатқа! – деді.
Күзетші еңкейіп, орнынан нық тұру үшін оң аяғын жылжытып, жас жігітке мұқият қарап, қатал түрде сұрады:
– Сен не? Қалжыңдап тұрсың ба?
Жас жігіт күлімсіреп, сары қолғапты қолын көтеріп, басынан бір сілкіп жіберді де, кенет ғайып болды.
Күзетші ауаны иіскеді. Ауа күйген қауырсынның иісін сезінді.
– Мәссаған! – деді күзетші. Сосын он күртешесін ашып, ішін тырнап, жігіт тұрған жеріне түкіріп, жайлап өз үйіне барды.
<19…жыл>
Четыре иллюстрации того, как новая идея огорашивает человека, к ней не подготовленного
I
Писатель: Я писатель.
Читатель: А по-моему, ты г…о!
(Писатель стоит несколько минут, потрясённый этой новой идеей, и падает замертво. Его выносят).
II
Художник: Я художник.
Рабочий: А по-моему, ты г…о!
(Художник тут же побледнел, как полотно,
И как тростинка закачался,
И неожиданно скончался,
Его выносят).
III
Композитор: Я композитор.
Ваня Рублев: А по-моему, ты г…о!
(Композитор, тяжело дыша, так и осел.
Его неожиданно выносят).
IV
Химик: Я химик.
Физик: А по-моему, ты г…о!
(Химик не сказал больше ни слова и тяжело рухнул на пол).
<13 апреля 1933>
Жаңа идеясы оған дайын емес адамды есеңгірететін төрт мысал
I
Жазушы: Мен жазушымын.
Оқырман: Ал менің ойымша сен б_қсың!
(Жазушы бірнеше сол жаңа идеядан есеңгіреген тұрып, өліп құлайды. Өлікті шығарады).
II
Суретші:Мен суретшімін.
Жұмысшы: Ал менің ойымша сен б_қсың!
(Суретші бірден түрі бозарып,
Қамыстай теңселіп,
Кенет өліп,
Өлікті шығарды).
III
Сазгер: Мен сазгермын.
Ваня Рублев: Ал менің ойымша сен б_қсың!
(Сазгер ентігіп, баяу отырып қалады.
Оны кенеттен шығарады).
IV
Химик: Мен химикпін.
Физик: Ал менің ойымша сен б_қсың!
(Химик басқа бір ауыз сөз айтпай, еденге қатты құлады).
<13 сәуір 1933 жыл>
Потери
Андрей Андреевич Мясов купил на рынке фитиль и понёс его домой.
По дороге Андрей Андреевич потерял фитиль и зашёл в магазин купить полтораста грамм полтавской колбасы. Потом Андрей Андреевич зашёл в молокосоюз и купил бутылку кефира, потом выпил в ларьке маленькую кружечку хлебного кваса и встал в очередь за газетой. Очередь была довольно длинная, и Андрей Андреевич простоял в очереди не менее двадцати минут, но, когда он подходил к газетчику, то газеты перед самым его носом кончились.
Андрей Андреевич потоптался на месте и пошёл домой, но по дороге потерял кефир и завернул в булочную, купил французскую булку, но потерял полтавскую колбасу.
Тогда Андрей Андреевич пошёл прямо домой, но по дороге упал, потерял французскую булку и сломал своё пенсне.
Домой Андрей Андреевич пришёл очень злой и сразу лёг спать, но долго не мог заснуть, а когда заснул, то увидел сон: будто он потерял зубную щетку и чистит зубы каким-то подсвечником.
<19…год>
Жоғалту
Андрей Андреевич Мясов базарда білте сатып алып, оны үйге апарар жолда болды.
Үйге барар жолда Андрей Андреевич білтесін жоғалтып жүз елу грамм полтава шұжығын алу үшін дүкенге кірді. Содан Андрей Андреевич сүт одағына кіріп бір шөлмек айран алып, сосын дүкенде бір кесе нан квасын ішіп газет алу үшін кезекке тұрды. Кезек өте ұзын болып, Андрей Андреевич жиырма минут тұрса да, кезек оған жеткенде бір де бір газет қалмапты.
Андрей Андреевич бірен саран орнынан тапшылмай тұрып, соңында үйге барайын деп шешті, үйге барар жолда айранын жоғалтып, наубайханаға жоғып, француз нанын алып, полтава шұжығын жоғалтып алды.
Сонда Андрей Андреевич үйге тіке барамын деп жолда шағылып құлап, француз нанын жоғалтып, пенснесін сындырып алды.
Үйге жеткенше ызаланып, келерде бірден жата қалды. Бірақ ұйқысы келмей, ақыр соңында ұйқыға кеткенде осындай түс көрді: ол тіс щеткасын жоғалтып, тісін қандай да бір шырақшамен тазалапты.
<19…жыл>
Макаров и Петерсен
№3
Макаров: Тут, в этой книге, написано о наших желаниях и об исполнении их. Прочти эту книгу, и ты поймёшь, как суетны наши желания. Ты также поймёшь, как легко исполнить желание другого и как трудно исполнить желание своё.
Петерсен: Ты что-то заговорил больно торжественно. Так говорят вожди индейцев.
Макаров: Эта книга такова, что говорить о ней надо возвышенно. Даже думая о ней, я снимаю шапку.
Петерсен: А руки моешь, прежде чем коснуться этой книги?
Макаров: Да, и руки надо мыть.
Петерсен: Ты и ноги, на всякий случай, вымыл бы!
Макаров: Это неостроумно и грубо.
Петерсен: Да что же это за книга?
Макаров: Название этой книги таинственно…
Петерсен: Хи-хи-хи!
Макаров: Называется эта книга МАЛГИЛ.
(Петерсен исчезает)
Макаров: Господи! Что же это такое? Петерсен!
Голос Петерсена: Что случилось? Макаров! Где я?
Макаров: Где ты? Я тебя не вижу!
Голос Петерсена: А ты где? Я тоже тебя не вижу!.. Что это за шары?
Макаров: Что же делать? Петерсен, ты слышишь меня?
Голос Петерсена: Слышу! Но что такое случилось? И что это за шары?
Макаров: Ты можешь двигаться?
Голос Петерсена: Макаров! Ты видишь эти шары?
Макаров: Какие шары?
Голос Петерсена: Пустите!.. Пустите меня!.. Макаров!..
(Тихо. Макаров стоит в ужасе, потом хватает книгу и раскрывает её).
Макаров (читает): «…Постепенно человек утрачивает свою форму и становится шаром. И став шаром, человек утрачивает все свои желания».
Занавес
<19…год>
Макаров пен Петерсен
№3
Макаров: Міне, осы кітапта біздің тілектеріміз және олардың орындалуы туралы жазылған. Осы кітапты оқып шықсаң, біздің тілектеріміздің қаншалықты мәнсіз екенін түсінесің. Сен сондай-ақ басқаның тілегін орындау қаншалықты оңай және өз тілегіңді орындау қаншалықты қиын екенін түсінесің.
Петерсен: Сен тым салтанатты сөйлеп кеттің. Үнді басшылары осылай сөйлейді.
Макаров: Бұл кітап туралы салтанатты түрде айту керек. Бұл кітап туралы ойласам да қалпағымды шешіп аламын.
Петерсен: Сен бұл кітапты ұстамас бұрын қолыңды жуасың ба?
Макаров: Иә, қолды да жуу керек.
Петерсен: Олай болса, аяғыңды да жуар едің!
Макаров: Бұл дегенің ақымақтық пен дөрекілік.
Петерсен: Сонымен, бұл не кітап?
Макаров: Бұл кітаптың аты сырлы…
Петерсен: Хи хи хи!
Макаров: Бұл кітап МАЛГИЛ деп аталады.
Петерсен жоғалып кетеді
Макаров: Құдай-ай! Бұл не? Петерсен!
Петерсеннің дауысы: Не болды? Макаров! Мен қайдамын?
Макаров: Қайдасың? Мен сені көрмей тұрмын!
Петерсеннің дауысы: Ал сен қайдасың? Мен де сені көрмей тұрмын!.. Бұл не деген шарлар?
Макаров: Енді не істеу керек? Петерсен, сен мені естіп тұрсың ба?
Петерсеннің дауысы: Естіп тұрмын! Не болып қалды? Ал бұл не деген шарлар?
Макаров: Сен қозғала аласың ба?
Петерсеннің дауысы: Макаров! Мына шарларды көріп тұрсың ба?
Макаров: Қандай шарлар?
Петерсеннің дауысы: Мені жіберіңіз!.. Мені жіберіңіз!.. Макаров!..
(Тыныш. Макаров шошып кетіп, кітапты алып, ашады).
Макаров (оқып): «…Адам бірте-бірте пішінін жоғалтып, шарға айналады. Ал шарға айналған адам барлық тілектерінен айырылады».
Шымылдық
<19…жыл>
Суд Линча
Петров садится на коня и говорит, обращаясь к толпе, речь о том, что будет, если на месте, где находится общественный сад, будет построен американский небоскреб. Толпа слушает и, видимо, соглашается. Петров записывает что-то у себя в записной книжечке. Из толпы выделяется человек среднего роста и спрашивает Петрова, что он записал у себя в записной книжечке. Петров отвечает, что это касается только его самого. Человек среднего роста наседает. Слово за слово, и начинается распря. Толпа принимает сторону человека среднего роста, и Петров, спасая свою жизнь, погоняет коня и скрывается за поворотом. Толпа волнуется и, за неимением другой жертвы, хватает человека среднего роста и отрывает ему голову. Оторванная голова катится по мостовой и застревает в люке для водостока. Толпа, удовлетворив свои страсти, расходится.
<19…год>
Линч соты
Петров атына мініп, көпшілікке, егер қоғамдық бақ орналасқан жерге американдық зәулім ғимарат салынса, не болатынын айтады. Көпшілік тыңдап, келісетін секілді болады. Петров дәптеріне бірдеңе жазады. Көпшіліктің арасынан орта бойлы адам шығып, Петровтан дәптеріне не жазғанын сұрайды. Петров бұл тек өзіне қатысты деп жауап береді. Орта бойлы адам қоймай сұрай береді. Олар сөзге келісіп қалып, дау-дамай басталады. Көпшілік орта бойлы адамды жақтайды, ал Петров өз өмірін сақтап қалу үшін, атын итермелеп, бұрылып, жоқ болып кетеді. Көпшілік толқып, басқа құрбанды таппай, орта бойлы адамды ұстап алып, басын жұлып алады. Кесілген басы жол бойымен домалап, су төгетін люкке кептеліп қалады. Көңілдерін тойдырған жұрт тарап кетеді.
<19…жыл>
Встреча
Вот однажды один человек пошёл на службу, да по дороге встретил другого человека, который, купив польский батон, направлялся к себе восвояси.
Вот, собственно, и всё.
<19…год>
Кездесу
Бір күні бір адам жұмысқа бара жатып, жолда ол поляк нанын сатып алып, үйіне қарай бет алған басқа адамды кездестірді.
Осымен оқиға аяқталды.
<19…жыл>
Неудачный спектакль
На сцену выходит Петраков-Горбунов, хочет что-то сказать, но икает. Его начинает рвать. Он уходит.
Выходит Притыкин.
Притыкин: Уважаемый Петраков-Горбунов должен сооб…
(Его рвёт, и он убегает).
Выходит Макаров.
Макаров: Егор… (Макарова рвёт. Он убегает).
Выходит Серпухов.
Серпухов: Чтобы не быть… (Его рвёт, он убегает).
Выходит Курова.
Курова: Я была бы… (Её рвёт, она убегает).
Выходит маленькая девочка.
Маленькая девочка: Папа просил передать вам всем, что театр закрывается. Нас всех тошнит!
Занавес
<1934>
Сәтсіз спектакль
Петраков-Горбунов сахнаға шығады, бірдеңе айтқысы келіп, бірақ ықылығы келеді. Құса бастайды. Ол кетеді.
Притыкин шығады
Притыкин: Құрметті Петраков-Горбунов хабарлағысы келге …
(Құсып қашап, қашып кетеді).
Макаров шығады
Макаров: Егор…(Макаров құсады. Ол қашып кетеді).
Серпухов шығады
Серпухов: Олай болмау үшін…(Құсады, қашады).
Курова шығады
Курова: Мен айтқым келгені…(Құсады, қашады).
Кішкентай қыз шығады.
Кішкентай қыз: Әкем театрдың жабылып жатқанын айтуымды өтінді. Бәріміздің ішіміз ауырып тұр.
Шымылдық
<1934 жыл>
Тюк!
Лето, письменный стол. Направо дверь. На стене картина. На картине нарисована лошадь, а в зубах у лошади цыган. Ольга Петровна колет дрова. При каждом ударе с носа Ольги Петровны соскакивает пенсне. Евдоким Осипович сидит в креслах и курит.
Ольга Петровна (ударяет колуном по полену, которое, однако, нисколько не раскалывается).
Евдоким Осипович: Тюк!
Ольга Петровна (надевая пенсне, бьёт по полену).
Евдоким Осипович: Тюк!
Ольга Петровна (надевая пенсне): Евдоким Осипович! Я вас прошу, не говорите этого слова «тюк».
Евдоким Осипович: Хорошо, хорошо.
Ольга Петровна (ударяет колуном по полену).
Евдоким Осипович: Тюк!
Ольга Петровна (надевая пенсне): Евдоким Осипович! Вы обещали не говорить этого слова «тюк».
Евдоким Осипович: Хорошо, хорошо, Ольга Петровна! Больше не буду.
Ольга Петровна (ударяет колуном по полену).
Евдоким Осипович: Тюк!
Ольга Петровна (надевая пенсне): Это безобразие! Взрослый пожилой человек и не понимает простой человеческой просьбы!
Евдоким Осипович: Ольга Петровна! Вы можете спокойно продолжать вашу работу. Я больше мешать не буду.
Ольга Петровна: Ну я прошу вас, я очень прошу вас: дайте мне расколоть хотя бы это полено.
Евдоким Осипович: Колите, конечно, колите!
Ольга Петровна (ударяет колуном по полену).
Евдоким Осипович: Тюк!
Ольга Петровна роняет колун, открывает рот, но ничего не может сказать. Евдоким Осипович встаёт с кресел, оглядывает Ольгу Петровну с головы до ног и медленно уходит.
Ольга Петровна стоит неподвижно с открытым ртом и смотрит на удаляющегося Евдокима Осиповича.
Занавес медленно опускается
<1933>
Тық!
Жаз. Үстел. Оң жақта есік. Қабырғада сурет бар. Суретте жылқы бейнеленген, ал жылқының тістерінде сыған. Ольга Петровна отын кесіп жатыр. Балтамен ұрған сайын Ольга Петровнаның мұрнынан пенсне секіреді. Евдоким Осипович креслода отырып темекі шегеді.
Ольга Петровна (бөренені балтамен ұрғанда бөрене мүлдем жарылмайды).
Евдоким Осипович: Тық!
Ольга Петровна (пенснесін киіп, бөренені ұрады).
Евдоким Осипович: Тық!
Ольга Петровна (пенснесін киіп): Евдоким Осипович! Өтінемін, бұл «тық» деген сөзді айтпаңыз.
Евдоким Осипович: Жарайды, жарайды.
Ольга Петровна (балтамен бөренені ұрады).
Евдоким Осипович: Тық!
Ольга Петровна (пенснесін киіп): Евдоким Осипович! Сіз «тық» деген сөзді айтпауға уәде бердіңіз ғой.
Евдоким Осипович: Жарайды, жарайды, Ольга Петровна! Мен мұны қайталамаймын.
Ольга Петровна (балтамен бөренені ұрады).
Евдоким Осипович: Тық!
Ольга Петровна (пенснесін киіп): Бұл масқара! Ересек қария адамсыз, ал қарапайым өтініш түсінбейсіз!
Евдоким Осипович: Ольга Петровна! Сіз жұмысыңызды кедергісіз жалғастыра аласыз. Мен енді мазаламаймын.
Ольга Петровна: Өтінемін, жалынамын сізге: тым болмаса мына бір бөрене жаруға мүмкіндік беріңіз.
Евдоким Осипович: Әрине, жара беріңіз!
Ольга Петровна (балтамен бөренені ұрады).
Евдоким Осипович: Тық!
Ольга Петровна балтаны тастап, аузын ашып, ештеңе айта алмай тұр. Евдоким Осипович креслодан тұрып, Ольга Петровнаға басынан аяғына дейін қарап, ақырын кетіп барады.
Ольга Петровна аузын ашып қимылсыз тұрып кетіп бара жатқан Евдоким Осиповичке қарайды.
Шымылдық ақырындап төмендейді
<1933 жыл>
Что теперь продают в магазинах
Коратыгин пришёл к Тикакееву и не застал его дома.
А Тикакеев в это время был в магазине и покупал там сахар, мясо и огурцы.
Коратыгин потолкался возле дверей Тикакеева и собрался уже писат<ь> записку, вдруг смотрит, идёт сам Тикакеев и несёт в руках клеёнчатую кошёлку.
Коратыгин увидел Тикакеева и кричит ему:
– А я вас уже целый час жду!
– Неправда,– говорит Тикакеев,– я всего двадцать пять минут, как из дома.
– Ну, уж этого я не знаю, – сказал Коратыгин, – а только я тут уже целый час.
– Не врите! – сказал Тикакеев. – Стыдно врать.
– Милостивейший государь! – сказал Коратыгин.– Потрудитесь выбирать выражения.
– Я считаю…– начал было Тикакеев, но его перебил Коратыгин.
– Если вы считаете… – сказал он. Но тут Коратыгина перебил Тикакеев и сказал:
– Сам-то ты хорош!
Эти слова так взбесили Коратыгина, что он зажал пальцем одну ноздрю, а другой сморкнулся в Тикакеева.
Тогда Тикакеев выхватил из кошёлки самый большой огурец и ударил им Коратыгина по голове.
Коратыгин схватился руками за голову, упал и умер.
Вот какие большие огурцы продаются теперь в магазинах!
<19 августа 1936>
Қазір дүкендерде не сатылады
Коратыгин Тикакеевке келіп, оны үйінен таппайды.
Ал Тикакеев ол кезде дүкенде болып, қант, ет, қияр сатып алған еді.
Коратыгин Тикакеевтің есігінің қасында тұрып, хат жазайы<н> деп жатыр еді, кенет қараса, Тикакеевтің өзі жүріп келе жатыр, қолында клеенкалы әмиян болды.
Коратыгин Тикакеевті көріп, оған:
– Ал мен сені бір сағат күттім! – деп айқайлады.
– Бұл өтірік, – дейді Тиқакеев, – мен үйден жиырма бес минут бұрын шықтым.
– Ештеңе білмеймін, – деді Қоратыгин, – менің мұнда келгеніме бір сағат болды.
– Өтірік соқпа! – деді Тикакеев. – Өтірік айту – ұят нәрсе.
– Құрметті мырза! – деді Коратыгин. – Сөздеріңізге мұқият болыңыз.
– Менің ойымша… – деп бастады Тиқакеев, бірақ Коратыгин оның сөзін бөліп жіберді.
– Егер олай ойласаңыз… – деді де, бірақ Тиқакеев Қоратыгиннің сөзін бөліп:
– Өзің қатырып тұрғандай! – деді.
Бұл сөздер Қоратыгиннің ашуын келтіргені сонша, ол саусағымен бір танауын шымшып, екіншісімен Тиқакеевке мұрнын үрлей салды.
Содан Тикакеев әмияндағы ең үлкен қиярды жұлып алып, онымен Коратыгиннің басынан ұрды.
Қоратыгин қолымен басын ұстап, құлап өлді.
Міне, қазір дүкендерде осындай үлкен қиярлар сатылады!
<19 тамыз 1936 жыл>
Машкин убил Кошкина
Товарищ Кошкин танцевал вокруг товарища Машкина.
Тов. Машкин следил за тов. Кошкиным.
Тов. Кошкин оскорбительно махал руками и противно выворачивал ноги.
Тов. Машкин нахмурился.
Тов. Кошкин пошевелил животом и притопнул правой ногой.
Тов. Машкин вскрикнул и кинулся на товарища Кошкина.
Тов. Кошкин попробовал убежать, но спотыкнулся и был настигнут тов. Машкиным.
Тов. Машкин ударил кулаком по голове тов. Кошкина.
Тов. Кошкин вскрикнул и упал на четвереньки.
Тов. Машкин двинул тов. Кошкина ногой под живот и еще раз ударил его кулаком по затылку.
Тов. Кошкин растянулся на полу и умер.
Машкин убил Кошкина.
<19…год>
Машкин Кошкинді өлтірді
Жолдас Кошкин жолдас Машкинді айнала биледі.
Жолд. Машкин жолд. Кошкинін байқады.
Жолд. Кошкин қорлықтай қолын бұлғап, жиіркенішті түрде аяғын бұрап жіберді.
Жолд. Машкин қабағын түйді.
Жолд. Кошкин ішін қимылдатып оң аяғын таптады.
Жолд. Машкин айқайлап жолд. Кошкинге ұмтылып бас салды.
Жолд. Кошкин қашып кетпек болғанымен сүрініп кетіп, жолд. Машкинмен ұсталды.
Жолд. Машкин жолд. Кошкин басынан жұдырығымен ұрды.
Жолд. Кошкин айқайлап, төрт аяғымен құлады.
Жолд. Машкин жолд. Кошкинді ішінің астынан теуіп, тағы бір рет басынан жұдырығымен ұрды.
Жолд. Кошкин еденге жайылып жатып қайтыс болды.
Машкин Кошкинді өлтірді.
<19…жыл>
Сон дразнит человека
Марков снял сапоги и, вздохнув, лёг на диван.
Ему хотелось спать, но как только он закрывал глаза, желание спать моментально проходило. Марков открывал глаза и тянулся рукой за книгой, но сон опять налетал на него, и, не дотянувшись до книги, Марков ложился и снова закрывал глаза. Но лишь только глаза закрывались, сон улетал опять, и сознание становилось таким ясным, что Марков мог в уме решать алгебраические задачи на уравнения с двумя неизвестными.
Долго мучился Марков, не зная, что ему делать: спать или бодрствовать? Наконец измучившись и возненавидев самого себя и свою комнату, Марков надел пальто и шляпу, взял в руки трость и вышел на улицу. Свежий ветерок успокоил Маркова, ему стало радостнее на душе и захотелось вернуться обратно к себе в комнату.
Войдя в свою комнату, он почувствовал в теле приятную усталость и захотел спать. Но только он лёг на диван и закрыл глаза,– сон моментально испарился.
С бешенством вскочил Марков с дивана и, без шапки и без пальто, помчался по направлению к Таврическому саду.
<1936-1938>
Ұйқы адамды мазақ қылғаны
Марков етігін шешіп, күрсініп диванға жата қалды.
Ұйқысы келсе де, көзін жұмған бойда ұйықтағысы келмеді. Марков көзін ашты да, қолын кітапқа созды, бірақ оны ұйқы қайтадан басып, кітапқа қойып, жата қалды да, қайтадан көзін жұмды. Бірақ көз жұмылған сәтте ұйқысы қайтадан қашып, санасы анық болғаны сонша, Марков санасында екі белгілі теңдеулер сияқты алгебралық есептерді есептей алатын болды.
Марков ұзақ уақыт бойы не істерін білмей қиналады: ұйықтай ма, әлде сергек жүре бере ме? Ақыры шаршап, өзін де, бөлмесін де жек көрген Марков пальто мен қалпағын киіп, таяғын алып, далаға шықты. Таза ауа Марковты тыныштандырды, оның жаны жайланып, ол бөлмесіне қайтқысы келді.
Бөлмесіне кірген Марков денесінде жағымды шаршағандық сезіліп, ұйықтағысы келді. Бірақ ол диванға жатып, көзін жұмған бойда ұйқысы бірден жоқ болып кетті.
Құтырып кеткен Марков диваннан секірді де, бас киімсіз де, шинельсіз де Таврид саябағы жаққа жүгірді.
<1936-1938 жыл>
Охотники
На охоту поехало шесть человек, а вернулось-то только четыре.
Двое-то не вернулось.
Окнов, Козлов, Стрючков и Мотыльков благополучно вернулись домой, а Широков и Каблуков погибли на охоте.
Окнов целый день ходил потом расстроенный и даже не хотел ни с кем разговаривать. Козлов неотступно ходил следом за Окновым и приставал к нему с различными вопросами, чем и довел Окнова до высшей точки раздражения.
Козлов: Хочешь закурить?
Окнов: Нет.
Козлов: Хочешь, я тебе принесу вон ту вон штуку?
Окнов: Нет.
Козлов: Может быть, хочешь, я тебе расскажу что-нибудь смешное?
Окнов: Нет.
Козлов: Ну, хочешь пить? У меня вот тут есть чай с коньяком.
Окнов: Мало того, что я тебя сейчас этим камнем по затылку ударил, я тебе ещё оторву ногу.
Стрючков и Мотыльков: Что вы делаете? Что вы делаете?
Козлов: Приподнимите меня с земли.
Мотыльков: Ты не волнуйся, рана заживет.
Козлов: А где Окнов?
Окнов (отрывая Козлову ногу): Я тут, недалеко!
Козлов: Ох, матушки! Спа-па-си!
Стрючков и Мотыльков: Никак он ему и ногу оторвал!
Окнов: Оторвал и бросил вон туда!
Стрючков: Это злодейство!
Окнов: Что-о?
Стрючков: …ейство…
Окнов: Ка-а-ак?
Стрючков: Нь… нь… нь… никак.
Козлов: Как же я дойду до дому?
Мотыльков
Не беспокойся, мы тебе приделаем деревяшку.
Стрючков: Ты на одной ноге стоять можешь?
Козлов: Могу, но не очень-то.
Стрючков: Ну, мы тебя поддержим.
Окнов: Пустите меня к нему!
Стрючков: Ой нет, лучше уходи!
Окнов: Нет, пустите!.. Пустите!.. Пусти… Вот, что я хотел сделать.
Стрючков и Мотыльков: Какой ужас!
Окнов: Ха-ха-ха!
Мотыльков: А где же Козлов?
Стрючков: Он уполз в кусты.
Мотыльков: Козлов, ты тут?
Козлов: Шаша..!
Мотыльков: Вот ведь до чего дошёл!
Стрючков: Что же с ним делать?
Мотыльков: А тут уж ничего с ним не поделаешь. По-моему, его надо просто удавить. Козлов! А, Козлов? Ты меня слышишь?
Козлов: Ох, слышу, да плохо.
Мотыльков: Ты, брат, не горюй. Мы сейчас тебя удавим. Постой!.. Вот… Вот… Вот…
Стрючков: Вот сюда, вот ещё! Так! Так! Так! Ну-ка ещё… Ну, теперь готово!
Мотыльков: Теперь готово!
Окнов: Господи, благослови!
<1933>
Аңшылар
Алты адам аңға шықты, бірақ төртеуі ғана оралды.
Екеуі оралмады.
Окнов, Козлов, Стрючков, Мотылков үйге аман-есен оралса, Широков пен Каблуков аңшылықта қайтыс болды.
Окнов күні бойы көңілі болмай, ешкіммен сөйлескісі де келмеді. Козлов Окновтың соңынан тынымсыз ілесіп, оны әртүрлі сұрақтармен мазалады, бұл Окновты ашушаңдықтың ең жоғарғы шегіне жеткізді.
Козлов: Темекі шеккің келе ме?
Окнов: Жоқ.
Козлов: Саған ана нәрсені әкелгенімді қалайсың ба?
Окнов: Жоқ.
Козлов: Әлде, саған күлкілі бірдеңе айтайын ба?
Окнов: Жоқ.
Козлов: Ал, онда сусын ішкің келе ме? Менде мұнда коньякпен шай бар еді.
Окнов: Бұл таспен желкеңнен ұрып қана қоймай, аяғыңды да жұлып аламын.
Стрючков және Мотыльков: Не істеп жатырсыңдар? Не болып жатыр?
Козлов: Мені жерден көтеріңдерші.
Мотыльков: Уайымдама, жара жазылып кетеді.
Козлов: Окнов қайда?
Окнов (Козловтың аяғын жұлып алғанда):Мен мұндамын, алыс емеспін!
Козлов: О, анашым! Құтқа-а-ар!
Стрючков және Мотыльков: Ол оның аяғын жұлып алған ба не?
Окнов: Оны жұлып алып, сол жерге лақтырып жібердім!
Стрючков: Бұл зұлымдық!
Окнов: Не-е-е?
Стрючков: …лымдық…
Окнов: Қала-а-а-ай?
Стрючков: Е…е…е…ештеңе.
Козлов: Мен үйге дейін қалай жетемін?
Мотыльков: Уайымдама, біз саған ағаш байлап береміз.
Стрючков: Сен бір аяқпен тұра аласың ба?
Козлов: Тұра аламын, бірақ онша емес.
Стрючков: Жарайды, біз саған көмектесеміз.
Окнов: Мені оған жіберіңдер!
Стрючков: Жоқ, бармағаның жөн!
Окнов: Жоқ, жіберіңдер!.. Мені жіберіңдер!.. Мені жібер… Мен дәл осыны жасағым келген еді.
Стрючков және Мотыльков: Неткен сұмдық!
Окнов: Ха-ха-ха!
Мотыльков: Козлов қайда?
Стрючков: Ол бұталардың арасына еңбектеп кетті.
Мотыльков: Козлов, сен сондасың ба?
Козлов: Шаша..!
Мотыльков: Міне, жеткені осы болды-ау!
Стрючков: Енді онымен не істейміз?
Мотыльков: Енді ештеңе істей алмаспыз. Меніңше, оны тек тұншықтырып өлтіру керек. Козлов! Козлов? Сен мені естіп тұрсың ба?
Козлов: Оһ, нашар естіп тұрмын.
Мотыльков: Сен, бауырым, қайғырма. Біз сені қазір тұншықтырамыз. Тоқта!.. Міне… Міне… Міне…
Стрючков: Міне, осылай! Тағы! Тағы! Тағы да! Ал, көбірек … Ал, енді дайын!
Мотыльков: Енді дайын болды!
Окнов: Құдайым жарылқасын!
<1933 жыл>
Исторический эпизод
В.Н.Петрову
Иван Иванович Сусанин (то самое историческое лицо, которое положило свою жизнь за царя и впоследствии было воспето оперой Глинки) зашел однажды в русскую харчевню и, сев за стол, потребовал себе антрекот. Пока хозяин харчевни жарил антрекот, Иван Иванович закусил свою бороду зубами и задумался: такая у него была привычка.
Прошло тридцать пять колов времени, и хозяин принес Ивану Ивановичу антрекот на круглой деревянной дощечке. Иван Иванович был голоден и по обычаю того времени схватил антрекот руками и начал его есть. Но, торопясь утолить свой голод, Иван Иванович так жадно набросился на антрекот, что забыл вынуть изо рта свою бороду и съел антрекот с куском своей бороды.
Вот тут-то и произошла неприятность, так как не прошло и пятнадцати колов времени, как в животе у Ивана Ивановича начались сильные рези. Иван Иванович вскочил из-за стола и кинулся на двор. Хозяин крикнул было Ивану Ивановичу: «Зри, како твоя борода клочна», – но Иван Иванович, не обращая ни на что внимания, выбежал во двор.
Тогда боярин Ковшегуб, сидящий в углу харчевни и пьющий сусло, ударил кулаком по столу и вскричал: «Кто есть сей?» А хозяин, низко кланяясь, ответил боярину: «Сие есть наш патриот Иван Иванович Сусанин». – «Во как!» – сказал боярин, допивая свое сусло.
«Не угодно ли рыбки?» – спросил хозяин. «Пошел ты к бую!» – крикнул боярин и пустил в хозяина ковшом. Ковш просвистел возле хозяйской головы, вылетел через окно на двор и хватил по зубам сидящего орлом Ивана Ивановича. Иван Иванович схватился рукой за щеку и повалился на бок.
Тут справа из сарая выбежал Карп и, перепрыгнув через корыто, на котором среди помоев лежала свинья, с криком побежал к воротам. Из харчевни выглянул хозяин. «Чего ты орёшь?» – спросил он Карпа. Но Карп, ничего не отвечая, убежал.
Хозяин вышел на двор и увидел Сусанина, лежащего неподвижно на земле. Хозяин подошёл поближе и заглянул ему в лицо. Сусанин пристально глядел на хозяина. «Так ты жив?» – спросил хозяин. «Жив, да тилько страшусь, что меня ещё чем-нибудь ударят»,– сказал Сусанин. «Нет,– сказал хозяин,– не страшись. Это тебя боярин Ковшегуб чуть не убил, а теперь он ушедши». «Ну и слава тебе, Боже, – сказал Иван Сусанин, поднимаясь с земли. – Я человек храбрый, да тилько зря живот покладать не люблю. Вот и приник к земле и ждал, что дальше будет. Чуть чего, я бы на животе до самой Елдыриной слободы бы уполз. Евона как щеку разнесло. Батюшки! Полбороды отхватило!».. «Это у тебя ещё раньше было»,– сказал хозяин. «Как это так раньше?– вскричал патриот Сусанин. – Что же, по-твоему, я так с клочной бородой ходил?» «Ходил»,– сказал хозяин. «Ах ты, мяфа», – проговорил Иван Сусанин. Хозяин зажмурил глаза и, размахнувшись со всего маху, звезданул Сусанина по уху. Патриот Сусанин рухнул на землю и замер. «Вот тебе! Сам ты мяфа!» – сказал хозяин и удалился в харчевню.
Несколько колов времени Сусанин лежал на земле и прислушивался, но, не слыша ничего подозрительного, осторожно приподнял голову и осмотрелся. На дворе никого не было, если не считать свиньи, которая, вывалившись из корыта, валялась теперь в грязной луже. Иван Сусанин, озираясь, подобрался к воротам. Ворота, по счастью, были открыты, и патриот Иван Сусанин, извиваясь по земле, как червь, пополз по направлению к Елдыриной слободе.
Вот эпизод из жизни знаменитого исторического лица, которое положило свою жизнь за царя и было впоследствии воспето в опере Глинки.
<1939>
Тарихи оқиға
В.Н.Петровқа
Иван Иванович Сусанин (патша үшін өмірін қиған, кейін Глинка операсында шырқалған тарихи тұлға) бірде орыс асханасына кіріп, дастархан басына отырып, антрекот талап етеді. Асхананың қожайыны антрекотты қуырып жатқанда, Иван Иванович сақалын тісімен тістеп, ойға батады: оның сондай әдеті болған еді.
Арада отыз бес минут өтті, қожайын Иван Ивановичке дөңгелек ағаш тақтайшаға салып, антрекот әкелді. Иван Иванович қарны ашып, сол кезде әдеті бойынша антрекотты қолымен ұстап жей бастады. Бірақ аш қарынды тойдыруға асыққан Иван Иванович антрекотты ашкөздікпен жегені сонша, сақалын аузынан алуды ұмытып, сақалының бір бөлігімен антрекотты жеп қойды.
Ал сол кезде ыңғайсыздық болып қалды, өйткені он бес минут өтер өтпестен, өкінішке орай, Иван Ивановичтің асқазанында қатты құрысулар басталып, Иван Иванович үстелден тұрып, аулаға жүгіріп шықты. Қожайын Иван Ивановичке: «Қарашы, сақалың қандай тыртық», – деп айқайлады, бірақ Иван Иванович ештеңеге мән бермей, аулаға жүгірді.
Сонда асхананың бұрышында отырған бояр Ковшегуб, сусло ішіп, үстелді жұдырығымен ұрып: «Бұл кім?» деп айқайлады. Қожайын еңкейіп, боярға: «Бұл біздің отаншыл Иван Иванович Сусанин», – деп жауап берді. – «А, солай дейсің бе?» – деді бояр суслоны бітіріп.
«Сіз балық алғыңыз келе ме?» – деп сұрады қожайын. «Жоқ, әрі кет!» – деп айқайлады бояр және қожайынға шөміш лақтырды. Шөміш қожайынның басынан ысқырып өтіп, терезеден аулаға ұшып кетті де, бүркіттей отырған Иван Ивановичтің тісіне соқты. Иван Иванович бетін қолымен ұстап, бүйіріне құлап түсті.
Содан кейін, оң жақтан, Карп қорадан жүгіріп шығып, бөктер арасында шошқа жатқан шұңқыр үстінен секіріп, қақпаға айқайлап жүгірді. Қожайын асханадан сыртқа шығып, – «Неге айқайлап тұрсың?» – деп Карпқа сұрақ қойды. Бірақ Карп түк жауап бермей қашып кетті.
Қожайын аулаға шығып, жерде қозғалмай жатқан Сусанинді көреді. Қожайын жақын келіп, бетіне қарады. Сусанин қожайынға мұқият қарады. «Сен тірісің бе өзі?» – деп сұрады қожайын. «Мен тірімін, бірақ мені басқа нәрсемен тағы ұрады деп қорқамын», – деді Сусанин. «Жоқ, – деді қожайын, – қорықпа. Сені өлтіре жаздаған бояр Ковшегуб еді, енді ол кетті». – «Жарайды, Құдайға шүкір», – деді Иван Сусанин жерден көтеріліп, – «Мен батыл адам болсам да өмірімді тәуекелге салғанды ұнатпаймын. Сондықтан да жерде жаттым да, ары қарай не болатынын күттім. Бірдеңе болып қалса, Елдырин елді мекеніне ішпен жорғалап кететін едім. Қараш, бетім жарылды. Әкелер! Жарты сақалымды жұлып алды!».. «Сенде одан да ертерек сақалың сондай болды», – деді қожайын. «Қалай сонда?» – деп айқайлады отаншыл Сусанин, – «Мені тыртық сақалмен жүреді деп ойлайсың ба?» «Жүрдің», – деді қожайын. «О, сен, бейшара», – деді Иван Сусанин. Қожайын көзін қаттырақ жұмып, бар күшімен қолын бұлғап, Сусаниннің құлағынан қойып жіберді. Патриот Сусанин жерге құлап, қатып қалды. «Мә саған! Өзің бейшара адамсың! – деп қожайын асханаға кетіп қалды.
Сусанин біраз уақытта жерге жатып, тыңдап жатты да, бірақ күдікті ештеңе естімей, ақырын басын көтеріп, айналасына қарады. Аулада шұңқырдан құлап, лайлы шалшықта жатқан шошқадан басқа ешкім жоқ еді. Иван Сусанин жан-жағына қарап, қақпаға қарай ұмтылды. Қақпалар, бақытқа орай, ашық болды, ал отаншыл Иван Сусанин жерді құрттай еңбектеп, Елдырин қонысына қарай жорғалады.
Міне, патша үшін өмірін қиып, кейін Глинка операсында шырқалған атақты тарихи тұлғаның өмірінен бір эпизод.
<1939 жыл>
Федя Давидович
Федя долго подкрадывался к маслёнке и, наконец, улучив момент, когда жена нагнулась, чтобы состричь на ноге ноготь, быстро, одним движением вынул из маслёнки все масло и сунул его к себе в рот. Закрывая маслёнку, Федя нечаянно звякнул крышкой. Жена сейчас же выпрямилась и, увидя пустую маслёнку, указала на нее ножницами и строго сказала:
– Масла в маслёнке нет. Где оно?
Федя сделал удивлённые глаза и, вытянув шею, заглянул в маслёнку.
– Это масло у тебя во рту, – сказала жена, показывая ножницами на Федю.
Федя отрицательно покачал головой.
– Ага,– сказала жена. – Ты молчишь и мотаешь головой, потому что у тебя рот набит маслом.
Федя вытаращил глаза и замахал на жену руками, как бы говоря: «Что ты, что ты, ничего подобного!». Но жена сказала:
– Ты врёшь. Открой рот.
– Мм, – сказал Федя.
– Открой рот, – повторила жена.
Федя растопырил пальцы и замычал, как бы говоря: «Ах да, совсем было забыл; сейчас приду», – и встал, собираясь выйти из комнаты.
– Стой! – крикнула жена.
Но Федя прибавил шагу и скрылся за дверью. Жена кинулась за ним, но около двери остановилась, так как была голой и в таком виде не могла выйти в коридор, где ходили другие жильцы этой квартиры.
– Ушёл, – сказала жена, садясь на диван. – Вот чёрт!
А Федя, дойдя по коридору до двери, на которой висела надпись: «Вход категорически воспрещён», открыл эту дверь и вошёл в комнату. Комната, в которую вошёл Федя, была узкой и длинной, с окном, завешенным грязной бумагой. В комнате справа у стены стояла грязная ломаная кушетка, а у окна стол, который был сделан из доски, положенной одним концом на ночной столик, а другим на спинку стула. На стене висела двойная полка, на которой лежало неопределённо что. Больше в комнате ничего не было, если не считать лежащего на кушетке человека с бледно-зелёным лицом, одетого в длинный и рваный коричневый сюртук и в черные нанковые штаны, из которых торчали чисто вымытые босые ноги. Человек этот не спал и пристально смотрел на вошедшего.
Федя поклонился, шаркнул ножкой и, вынув пальцем изо рта масло, показал его лежащему человеку.
– Полтора, – сказал хозяин комнаты, не меняя позы.
– Маловато, – сказал Федя.
– Хватит, – сказал хозяин комнаты.
– Ну ладно, – сказал Федя и, сняв масло с пальца, положил его на полку.
– За деньгами придешь завтра утром, – сказал хозяин.
– Ой, что вы! – вскричал Федя. – Мне ведь их сейчас нужно. И ведь полтора рубля всего…
– Пошёл вон, – сухо сказал хозяин, и Федя на цыпочках выбежал из комнаты, аккуратно прикрыв за собой дверь.
<10 февраля 1939>
Федя Давидович
Федя май сауытқа дейін ұзақ жақындап жүрді де, ақыры, әйелі аяғындағы тырнақты кесу үшін еңкейген сәтте тез, бір қимылмен, май сауытынан барлық майды шығарып, аузына салды. Майлы сауытын жауып жатқан Федя абайсызда қақпақты ызылдатып жіберді. Әйелі бірден бой түзеп, бос май ыдысын көріп, оған қайшымен нұсқап, қатал сөйледі:
– Май ыдысында май жоқ. Қайда ол?
Федя таң қалғандай түр жасап, мойнын созып, май болған ыдысқа қарады.
– Май сенің аузыңда ғой, – деді әйелі Федяға қайшымен нұсқап.
Федя басын шайқады.
– Аха, – деді әйелі, – аузың майға толғандықтан үндемей, басыңды шайқап жатырсың.
Федя көзін бақырайтып, әйеліне қолын бұлғап: «Жоқ, жоқ, олай емес!» дегендей. Бірақ әйелі:
– Сен өтірік соғып тұрсың. Аузыңды аш, – деді.
– Мм, – деді Федя.
– Аузыңды аш, – деп қайталады әйелі.
Федя саусақтарын жайып: «Әй, иә, мен мүлдем ұмытып кетіппін ғой; мен қазір келемін», – дегендей болып, орнынан тұрып, бөлмеден шықпақ болды.
– Тоқта! – деп айқайлады әйелі.
Бірақ Федя тездетіп, есіктің артында жоғалып кетті. Әйелі оның артынан жүгірді, бірақ есік алдында тоқтап қалды, өйткені ол жалаңаш болғандықтан осындай түрмен осы үйдің басқа тұрғындары жүретін дәлізге шыға алмады.
– Кетіп қалды, – деді әйелі диванға отырып. – Сайтан Алғыр!
Федя дәліз бойындағы «Кіруге қатаң тыйым салынады» деген жазуы бар есікке жетіп, сол бөлмеге кірді. Федя кірген бөлме тар әрі ұзын, терезесіне лас қағаз ілінген еді. Бөлменің оң жағында қабырға қасында лас, сынған төсек, ал терезенің жанында тақтайдан жасалған үстел, оның бір ұшы түнгі үстелге, екінші жағы тақтың артқы жағында тұрды. Қабырғада қос сөре ілулі тұрды, оның үстінде белгісіз бірдеңі жатқан еді. Бөлмеде диванда жатқан, ақ-жасыл жүзді, ұзын әрі жыртық қоңыр пәлте киген, қоңыр шалбар ішінен таза жуылған жалаң аяғы шығып тұрған адамнан басқа ештеңе болмады. Бұл кісі ұйықтамай, жаңа келген кісіге үңіле қарады.
Федя басын иіп, аяғын таптап, аузындағы майды саусағымен шығарып, жатқан адамға көрсетті.
– Бір жарым, – деді бөлме иесі жатқан түрін өзгертпестен.
– Азғантай ғой» – деді Федя.
– Жетеді, – деді бөлме иесі.
– Жарайды, – деді Федя саусағындағы майды алып, сөреге қойды.
– Ақшаны алуға ертең таңертең келесің, – деді бөлме иесі.
– О, не дегеніңіз! – деп айқайлады Федя. – Маған олар қазір керек қой. Ақыр соңында, бір жарым рубль ғана …
– Жоғал, көзге көрінбе, – деді бөлме иесі құрғақ дауыспен. Федя есікті ақырын жауып, аяғының ұшымен бөлмеден жүгіріп шықты.
<10 ақпан 1939 жыл>
Анегдоты из жизни Пушкина
1
Пушкин был поэтом и всё что-то писал. Однажды Жуковский застал его за писанием и громко воскликнул:
– Да никако ты писака!
С тех пор Пушкин очень полюбил Жуковского и стал называть его по-приятельски Жуковым.
2
Как известно, у Пушкина никогда не росла борода. Пушкин очень этим мучился и всегда завидовал Захарьину, у которого, наоборот, борода росла вполне прилично. «У него растет, а у меня не растет», – частенько говаривал Пушкин, показывая ногтями на Захарьина. И всегда был прав.
3
Однажды Петрушевский сломал свои часы и послал за Пушкиным. Пушкин пришёл, осмотрел часы Петрушевского и положил их обратно на стол. «Что скажешь, брат Пушкин?» – спросил Петрушевский. «Стоп машина», – сказал Пушкин.
4
Когда Пушкин сломал себе ноги, то стал передвигаться на колёсах. Друзья любили дразнить Пушкина и хватали его за эти колёса. Пушкин злился и писал про друзей ругательные стихи. Эти стихи он называл «эрпигармами».
5
Лето 1829 года Пушкин провёл в деревне. Он вставал рано утром, выпивал жбан парного молока и бежал к реке купаться. Выкупавшись в реке, Пушкин ложился на траву и спал до обеда. После обеда Пушкин спал в гамаке. При встрече с вонючими мужиками Пушкин кивал им головой и зажимал пальцами свой нос. А вонючие мужики ломали свои шапки и говорили: «Это ничаво».
6
Пушкин любил кидаться камнями. Как увидит камни, так и начнет ими кидаться. Иногда так разойдется, что стоит весь красный, руками машет, камнями кидается, просто ужас!
7
У Пушкина было четыре сына, и все идиоты. Один не умел даже сидеть на стуле и всё время падал. Пушкин-то и сам довольно плохо сидел на стуле. Бывало, сплошная умора: сидят они за столом; на одном конце Пушкин всё время падает со стула, а на другом конце – его сын. Просто хоть святых вон выноси!
<1939>
Пушкин өмірінен анегдоттар
1
Пушкин ақын болды және әрқашан бірнәрсе жазатын еді. Бір кезде Жуковский оны бірдеңе жазып жатқанын көріп қатты дауыспен айтты:
– Өй, сен бір-ақ ақынсымақ!
Содан бері Пушкин Жуковскийді қатты жақсы көрді және оны дос ретінде Жуков деп атай бастады.
2
Өздеріңіз білетіндей, Пушкиннің сақалы ешқашан өспеген. Пушкинды бұл қатты мазалады және ол Захарьиннің сақалын қызғанды, себебі оның сақалы, керісінше, өте жақсы өсетін еді. «Онікі өсіп, менікі өспейді», – дейтін еді Пушкин Захарьинге тырнақпен көрсетіп. Және бұл әрқашан рас болатын.
3
Бірде Петрушевскийдің сағаты бұзылып, Пушкинді шақырды. Пушкин келіп, Петрушевскийдің сағатын қарап, оны қайтадан үстелге қойды. «Не дейсің, Пушкин бауырым?» – деп сұрады Петрушевский. «Машина тоқтады», – деді Пушкин.
4
Пушкин аяғын сындырғаннан кейін арбада қозғала бастады. Оның достары Пушкинді мазақ еткенді ұнатып, оны арба дөңгелектерден ұстап алатын. Пушкин ашуланып, достары туралы қарғыс өлеңдер жазды. Ол сол өлеңдерді «эрпигармалар» деп атады.
5
Пушкин 1829 жылдың жазын ауылда өткізді. Ол таңертең ерте тұрып, буға пісірілген сүтті ішіп, өзенге жүзуге жүгірді. Өзенде шомылғаннан кейін Пушкин шөпке жатып, түскі асқа дейін ұйықтайтын. Түстен кейін Пушкин гамакта ұйықтады. Сасық ер мұжықтармен кездескенде, Пушкин оларға басын изеп, мұрнын саусақтарымен қысып тұрды. Ал сасық мұжықтар қалпақтарын сындырып: «Бұл ештеңе етпес», – дейтін.
6
Пушкин тас лақтыруды ұнататын. Тастарды көре сала, оларды лақтыра бастайтын. Кейде қуанғаны соншалық, беті қызарып, қолын бұлғап, тастарды лақтыратын, неткен сұмдық!
7
Пушкиннің төрт ұлы болды, барлығы ақымақ. Біреуі тіпті орындықта отыра алмай үнемі құлап кететін. Пушкиннің өзі орындықта өте нашар отыратын. Бұл өте күлкілі болды: олар үстел басында отырып; бір жағында Пушкин үнемі орындықтан құлайтын, ал екінші жағында оның ұлы құлай беретін. Не масқара көрініс!
<1939 жыл>
Начало очень хорошего летнего дня. Cимфония
Чуть только прокричал петух, Тимофей выскочил из окошка на улицу и напугал всех, кто проходил в это время по улице. Крестьянин Харитон остановился, поднял камень и пустил им в Тимофея. Тимофей куда-то исчез. «Вот ловкач!» – закричало человеческое стадо, и некто Зубов разбежался и со всего маху двинулся головой о стенку. «Эх!» – вскрикнула баба с флюсом. Но Комаров сделал этой бабе тепель-тапель, и баба с воем убежала в подворотню. Мимо шёл Фетелюшин и посмеивался. К нему подошел Комаров и сказал: «Эй ты, сало!» – и ударил Фетелюшина по животу. Фетелюшин прислонился к стене и начал икать. Ромашкин плевался сверху из окна, стараясь попасть в Фетелюшина. Тут же невдалеке носатая баба била корытом своего ребёнка. А молодая толстенькая мать тёрла хорошенькую девочку лицом о кирпичную стенку. Маленькая собачка, сломав тоненькую ножку, валялась на панели. Маленький мальчик ел из плевательницы какую-то гадость. У бакалейного магазина стояла очередь за сахаром. Бабы громко ругались и толкали друг друга кошёлками. Крестьянин Харитон, напившись денатурата, стоял перед бабами с расстёгнутыми штанами и произносил нехорошие слова.
Таким образом начинался хороший летний день.
<1939>
Өте жақсы жаз күнінің басы. Симфония
Әтеш шақыра салысымен Тимофей терезеден көшеге секіріп шығып, сол кезде көшеде келе жатқандардың барлығын шошытты. Шаруа Харитон тоқтап, тасты көтеріп алып, Тимофейге лақтырды. Тимофей бірден жоғалып кетті. «Не деген пысық!» – деп адам табыны айқай салады, ал әлдебір Зубов жүгіріп келіп, бар күшімен басын қабырғаға ұрды. «Эх!» – деп айқайлады флюсы бар қатын. Бірақ Комаров бұл қатынға шапалақ-мапалақ берді, одан қатын айдалаға қарай айқайлап қашып кетті. Фетелюшин өтіп бара жатып, күлді. Комаров оған жақындап: «Әй, май!» – деп, Фетелюшиннің ішін ұрды. Фетелюшин қабырғаға сүйеніп, қытықтай бастады. Ромашкин Фетелюшинді қағып алмақ болып, терезеден жоғарыдан түкірді. Алыс емес жерде үлкен мұрынды әйел баласын науамен ұрып-соғыпты. Ал толымды жас ана сүйкімді қызының бетін кірпіш қабырғаға ысқылап жатты. Панельде жұқа аяғы сынған кішкентай ит жатты. Кішкентай бала түкіргіштен жиіркенішті нәрсе жеп отырды. Азық-түлік дүкенінің сыртында қантқа кезек пайда болды. Қатындар қантқа кезекте тұрып, әмияндарымен бір-бірін итеріп жатты. Шаруа Харитон метил спиртін ішіп, шалбарының түймелерін шешіп, әйелдердің алдында тұрып, жаман сөздер айтты.
Осылайша жаздың жақсы күні басталды.
<1939 жыл>
Пакин и Ракукин
– Ну ты, не очень-то фрякай! – сказал Пакин Ракукину.
Ракукин сморщил нос и недоброжелательно посмотрел на Пакина.
– Что глядишь? Не узнал? – спросил Пакин.
Ракукин пожевал губами и, с возмущением повернувшись на своем вертящемся кресле, стал смотреть в другую сторону. Пакин побарабанил пальцами по своему колену и сказал:
– Вот дурак! Хорошо бы его по затылку палкой хлопнуть.
Ракукин встал и пошёл из комнаты, но Пакин быстро вскочил, догнал Ракукина и сказал:
– Постой! Куда помчался? Лучше сядь, и я тебе покажу кое-что.
Ракукин остановился и недоверчиво посмотрел на Пакина.
– Что, не веришь? – спросил Пакин.
– Верю, – сказал Ракукин.
– Тогда садись вот сюда, в это кресло, – сказал Пакин.
И Ракукин сел обратно в своё вертящееся кресло.
– Ну вот, – сказал Пакин, – чего сидишь в кресле, как дурак?
Ракукин подвигал ногами и быстро замигал глазами.
– Не мигай, – сказал Пакин.
Ракукин перестал мигать глазами и, сгорбившись, втянул голову в плечи.
– Сиди прямо, – сказал Пакин.
Ракукин, продолжая сидеть сгорбившись, выпятил живот и вытянул шею.
– Эх, – сказал Пакин, – так бы и шлёпнул тебя по подрыльнику!
Ракукин икнул, надул щёки и потом осторожно выпустил воздух через ноздри.
– Ну ты, не фрякай! – сказал Пакин Ракукину.
Ракукин ещё больше вытянул шею и опять быстро-быстро замигал глазами.
Пакин сказал:
– Если ты, Ракукин, сейчас не перестанешь мигать, я тебя ударю ногой по грудям.
Ракукин, чтобы не мигать, скривил челюсти и ещё больше вытянул шею и закинул назад голову.
– Фу, какой мерзостный у тебя вид, – сказал Пакин.– Морда как у курицы, шея синяя, просто гадость.
В это время голова Ракукина закидывалась назад всё дальше и дальше и, наконец, потеряв напряжение, свалилась на спину.
– Что за чёрт! – воскликнул Пакин. – Это что ещё за фокусы?
Если посмотреть от Пакина на Ракукина, то можно было подумать, что Ракукин сидит вовсе без головы. Кадык Ракукина торчал вверх. Невольно хотелось думать, что это нос.
– Эй, Ракукин! – сказал Пакин.
Ракукин молчал.
– Ракукин! – повторил Пакин.
Ракукин не отвечал и продолжал сидеть без движения.
– Так, – сказал Пакин, – подох Ракукин.
Пакин перекрестился и на цыпочках вышел из комнаты.
Минут четырнадцать спустя из тела Ракукина вылезла маленькая душа и злобно посмотрела на то место, где недавно сидел Пакин. Но тут из-за шкапа вышла высокая фигура ангела смерти и, взяв за руку ракукинскую душу, повела её куда-то, прямо сквозь дома и стены. Ракукинская душа бежала за ангелом смерти, поминутно злобно оглядываясь. Но вот ангел смерти поддал ходу, и ракукинская душа, подпрыгивая и спотыкаясь, исчезла вдали за поворотом.
<1939>
Пакин мен Ракукин
– Ей, сен, оттама! – деді Пакин Ракукинге.
Ракукин мұрнын мыжып, Пакинге мейірімсіздікпен қарады.
– Не қарап тұрсың? Танымадың ма? – деп сұрады Пакин.
Ракукин ернін шайнап, бұрылмалы креслосында ашына бұрылып, басқа жаққа қарай бастады. Пакин саусақтарын тізесіне соғып:
– Не деген ақымақ! Оның желкесінен таяқпен ұрса жақсы болар еді.
Ракукин орнынан тұрып, бөлмеден шықпақ болды, бірақ Пакин тез секіріп тұрып, Ракукинді қуып жетіп:
– Күте тұр! Қайда барасың? Отыра бер, мен саған бірдеңе көрсетемін.
Ракукин тоқтап, Пакинге сенімсіздікпен қарады.
– Не, сенбейсің бе? – деп сұрады Пакин.
– Сенемін, – деді Ракукин.
– Олай болса осында, мына креслоға отыр, – деді Пакин.
Ал Ракукин бұрылмалы орындығына қайта отырды.
– Міне, – деді Пакин, – сен неге ақымақ сияқты креслода отырсың?
Ракукин аяғын қимылдатып, көздерін жылдам жыпылықтады.
– Көзіңді жыпылықтатпа, – деді Пакин.
Ракукин көзін жыпылықтауын қойды да, бүкірейіп, басын иығына тартты.
– Түзу отыр, – деді Пакин.
Ракукин бүкірей отыра беріп, ішін шығарып, мойнын алға созды.
– Эх, – деді Пакин, – мен сені бетіңнің астынан шапалақпен ұрар едім!
Ракукин ықылығы келіп, бетін үрлетіп, содан кейін абайлап ауаны танауынан шығарды.
– Қанымды қайнатпа! – деді Пакин Ракукинге.
Ракукин тағы да мойнын созып, көздерін тез жыпылықтады.
Пакин былай деді:
– Егер қазір жыпылықтауды тоқтатпасаң, Ракукин, мен сені кеудеңнен ұрамын.
Ракукин көзін жыпылықтатпау үшін иегін бұрап, мойнын одан бетер созып, басын артқа тастады.
– Фу, түрің қандай жиіркенішті, – деді Пакин. – Тауықтай тұмсық, көк мойын, өте жиіркенішті.
Осы кезде Ракукиннің басы одан әрі артқа қарай лақтырылып, ақыры шиеленісіп, арқасына құлады.
– Сайтан алғыр! – Пакин айқайлап. – Бұл не деген қулық?
Пакин орнынан Ракукинге қарасаң, Ракукин мүлде бассыз отыр деп ойлауға болады. Ракукиннің Адамның алмасы төбеге қарап тұр. Ол мұрын деп еріксіз ойлау мүмкін болды.
– Ей, Ракукин! – деді Пакин.
Ракукин үндемеді.
– Ракукин! – деп қайталады Пакин.
Ракукин жауап бермей, қимылсыз отыра берді.
– Сол, – деді Пакин, – Ракукин қайтыс болды.
Пакин шоқынып, аяғының ұшымен бөлмеден шығып кетті.
Арада он төрт минут өткенде Ракукиннің денесінен кішкентай жан шығып кетіп, Пакиннің бағана отырған жеріне ызалана қарады. Бірақ сол кезде шкаптың артынан ұзын бойлы ажал періштесі шықты да, Ракукиннің жанын қолынан ұстап, үйлер мен қабырғалардың арасынан бір жаққа әкетті. Ракукиннің жаны ажал періштесінің соңынан жүгіріп, артқа қарай жалт етіп ала көзбен қарады. Бірақ содан кейін ажал періштесі тездетіп, Ракукиннің жаны серпіліп, сүрініп, бұрылыстың артында жоқ болып кетті.
<1939 жыл>
Svetlana Kim, Asiya Zhunus, Zhanar Kurmangaleikyzy, Raushan Kozhaeva, Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages
Edited by: Akbayan Toktarbayeva, Kazakh Ablai Khan University of International Relations and Aigerim Sailaukenova, Al-Farabi Kazakh National University