Я ВИДЕЛ ГОРОД
Я видел город,
пропускал его сквозь пальцы, им дышал,
я прятался в его изорванных ладонях,
я жил его тенями,
глотал испуганные линии дорог,
стыдливо из-за занавесей наблюдал
за птичьими пунктирными путями,
и бесконечные изгибы проводов
я провожал в далекий путь,
я ждал,
я помнил,
я любил…
Я видел город – в полночь, словно в сказке,
он скидывал унылую одежду,
он облекался в бархат королевский,
и длинный шлейф стелился по земле,
в огнях струился среди окон шепот,
тревожный говор фиолетовых ручьев…
Я видел город – вдоль по тусклым стенам
лиловые бродили отраженья
изгибами отточенных запястий
чертили дни невидимые руки…
Я видел город – в нем сгорали молча
прозрачные непризнанные судьбы,
исписанными тонкими листами,
неизданными кипами страниц…
Я видел город – дымчатые струйки
до дна испитых тонких одиночеств…
Я видел город – он кружил над нами
подобно непреклонному судье…
Простые неприметные тропинки,
уснувшие под звон снегов скамейки,
увитые морозными ростками
асфальты ежедневные его…
Я видел город – он стоял у края…
ҚАЛАНЫ КӨРДІМ
Қаланы көрдім,
саусақтар арасынан өткізіп, онымен дем алдым,
оның тозған қолдарында тығылдым,
оның көлеңкелерімен өмір сүрдім,
үрейленген жолдарын бойыма сіңірдім,
құстардың үзік-үзік сызықты бағытын
ұялып перденің артынан бақыладым,
шексіз иілген сымдарды
алыс жолға шығарып салдым,
мен күттім,
мен ұмытпадым,
мен сүйдім…
Қаланы көрдім – түн ортасында, қиял секілді,
ол жабыңқы киімін шешіп,
қымбат барқытқа оранып,
ұзын етегін жерге жайған,
шам жанған терезелер арасынан бір сыбыр сынды
күлгін бұлақтардың беймаза сөйлегені…
Қаланы көрдім – күңгірт қабырғаларды бойлай
ашық күлгін шағылыстар ойнаған
жетіккен білек ізімен
әр күнді көрінбес қолдар сызған…
Қаланы көрдім – онда елеусіз танылмаған тағдырлар
үнсіз өртенген,
жазылған жұқа парақтар мен
басылмаған бір бума бет секілді…
Қаланы көрдім – қиыншылықты еңсерген
нәзік жалғыздықтың жоғары ұмтылған түтіні…
Қаланы көрдім – ол қайтпас бір төреші тәрізді
төбемізде қалықтаған…
Елеусіз қарапайым соқпақ жолдар,
қар зыңылына қалғыған отырғыштар,
қыраулы өскін басқан
күндегі оның жолдары…
Қаланы көрдім – ол қиырда тұрды…
Edited by: Valentina Kurmanbekova, Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages and Akbayan Toktarbayeva, Kazakh Ablai Khan University of International Relations